Қазақстан Республикасының Президенті 2019 жылғы 26 маусымда кепілсіз тұтынушылық қарыздар жөніндегі  «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығына қол қойды
 (бұдан әрі – Жарлық).

Жарлықтың іске асу механизмін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екі негізгі бағыт бойынша әзірледі.

Бірінші бағыттың мақсаты - қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтар санатанына жатқызылған қарыз алушыларға мемлекет тарапынан бір қарыз алушыға 300 мың теңгеден аспайтын негізгі борыш және ол бойынша есептелген сыйақы бойынша берешекті өтеу арқылы тікелей және атаулы көмек көрсету болып табылады.

 2019 жылғы 1 маусымға кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша негізгі борыш сомасы 3 млн. теңгеден аспайтын борышкерлер санатына кіретіндер:
-        көп балалы отбасылар;

-         асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төлем алатын  
          отбасылар;

-         мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер бар
          отбасылар;

-         атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар;

-         жетім балалар;

-         2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар.         

Екінші бағыттың мақсаты – екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының бүкіл азаматтарына кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұл сомаларын есептен шығаруы және мемлекеттің есептен шығарылған берешектің 30 пайызын өтеуі.

Аталмыш Жарлықты іске асыру үшін "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ аталған санаттағы азаматтардың берешегін өтеуге арналған мақсатты қаражатты аударатын және кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдардың  бір бөлігін өтейтін ұйым болып белгіленді.

Осылайша, бірінші бағыт шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі  республикалық бюджеттен Қор екінші деңгейдегі банктерге және микроқаржы ұйымдарына бағыттаған 105 млрд. теңге мөлшерінде нысаналы қаржыландыру бөлді. Осы шаралар 629 мыңнан астам қарыз алушылар үшін төлем қабілеттілігін қалпына келтіруде және олардың негізгі борыш пен сыйақы бойынша борыштық жүктемесін азайтуда елеулі қолдау болды.                 

Екінші бағыт бойынша екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары жалпы сомасы 33 млрд. теңге құрайтын 1,4 млн. азаматтың кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша өсімақылар мен айыппұлдарын кешірді, оның 10 млрд. теңге мөлшеріндегі 30 пайызын мемлекет "Проблемалық кредиттер қоры"АҚ арқылы өтеді.

Жалпы, Жарлықтың арқасында қазақстандықтардың орташа борыш жүктемесі 40 пайызға төмендеді, бұл ретте, бірқатар азаматтардың банктер мен микроқаржы ұйымдар алдындағы қарызының мөлшерін ескере отырып, олардың берешегі толық өтелді.

Осылайша, Жарлықта көзделген барлық іс-шараларын іске асыру аяқталды. Бұл науқан бір реттік.